27.04.2021, 9:07
Оқылды: 93

Қадірлі оқырман!

«Орал өңірі» газеті арқылы сіздер облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жетістіктер мен кемшіліктер, жүзеге асуы тиіс жоба-жоспарлар жөнінде жүйелі хабардар бола аласыздар. Сондай-ақ сіздердің назарларыңызға өздеріңізді толғандырған мәселелер бойынша сарапшылардың пікірі мен сала басшыларының сұхбаты да ұсынылатын болады.

о

Біз бүгіндері ұжымдық шығармашылық ізденісті жандандырып, жаңа айдарлар ашып, жаңа жобаларды жүзеге асырудамыз. Мысалы, «Агробизнес» арнайы беті арқылы сіздер ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау, несие мен демеуқаржыға қол жеткізудің жай-жапсары, агролизинг арқылы техника алу сықылды көптеген жайттарға қанығасыз. Ал «Алтын тамыр» айдары аясында аудан-ауылдарда тек өз кәсібін өрістетіп қана қоймай, сонымен қатар «Елде болса, ерінге тиеді» дегендей, айналасына қарасып, ауыл-аймағын түлеткен Атымтай-жомарттарды ел-жұртқа кеңінен таныстыратын боламыз. Өз кезегінде біздің мұндай бастамамыз ел ішінде, халық арасында қайырымдылықтың кең қанат жайып, жақсылықтың өрістей түсуіне ықпал етері анық. «Ардагер», «Жеңімпаздар», «Естелік» беттері аға ұрпақ, алдыңғы толқынның сұрапыл соғыстағы жанқиярлық ерлігі мен тылдағы жанкешті еңбегін, Отанымыздың ұлы мәртебелі Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан айтулы үлесін паш ете бермек. «Басты байлық» бетінде денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, әр түрлі ауру-сырқаудың, соның ішінде кәсіби дерттердің де алдын алу жағы көптің назарына ұсынылмақ.  Қыз-келіншектерге арналған «Айнамкөз» беті әйел затының қоғамдық белсенділігін арттыру арқылы тәлім-тәрбиенің қисайған көшін түзеп, қоғамды ізгілендіре түсуді және қыз-келіншектердің іскерлік қарым-қабілетін шыңдауды көздейді. «Әлеумет» арнайы бетін оқи отырып халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарын қорғап-қолдау, қалың бұқараны еңбекпен қамту барысынан хабардар боласыздар. «Назар аударыңыз!» айдары сіздерге елді елең еткізер, жұртты жалт қаратар ақпарат-мәліметтерді жеткізуге ұмтылады. Соңғы жылдары облыс аумағында орын алып отырған су тапшылығы, электр желілерінің ескіруі, шаруаларға жайылым мен шабындық бойынша қолайсыздық туғызып отырған киіктер үшін резерват ашуды тездету, міне, осындай көкейкесті мәселелер «Орал өңірі» газетінің беттерінен жиі көрініс табуда. Билік тізгінін ұстаған азаматтар осы проблемаларды шешу жолында бүгіндері белсенді жұмыстануда.

Жаңарып-жаңғырған «Орал өңірінен» жастарға арналған «Гүлдәурен», «Студент» беттерін, сонымен қатар демалыс сәтіңізді мәнді өткізер «Әдебиет әлемі» мен «Әлем әдебиетінен» әдеби шығармаларды оқи аласыз. Мұны азсынсаңыз, санаңызды сергітіп, ойлау көкжиегіңізді кеңейтер сканворд-кроссвордтарды да, әрі «ОТАU ТV» құрамындағы 16 телеарнаның апталық бағдарламасын да біздің газеттен таба аласыздар. Бұған қоса сіздер оқырман қауымға арналған «Ойлы хат – ортақ олжа», «Сүйкімді сувенир», «Әдеби жұмбақ» сықылды байқаулардан да шет қалмаңыздар!

Жыл-он екі ай бойы бірге болайық, әлеумет!

«ORAL ÓŃİRİ» – бөлшек саудада

Өткен жылдың соңынан бері «Орал өңірі» газеті бөлшек саудаға шығарылып, облыс орталығындағы газет-журнал лашықтарында сатылуда. Төменде әлгіндей нысандардың бірқатарының тізімін беріп отырмыз:

1) «Жайық» дүкенінің ішіндегі де, сыртындағы да газет-журнал лашығында «Орал өңірі» газеті сатылады.

2) «Әмбебап дүкен» («Универмаг») ішіндегі лашық

3) «Әмбебап» дүкенге қарама-қарсы лашық

4) «Алтын алма» базары (9-шы кіреберіс)

5)  «Диана» аялдамасы маңындағы лашық

6) Ж.Досмұхамедов көшесінің бойындағы лашық («Мирлан» базарына кіреберісте)

7) Ж.Досмұхамедов көшесінің бойындағы лашық («Квант» дүкенінің қасында)

8) Сарайшық көшесінің бойындағы лашық

9) «Водолей» сауда үйіндегі лашық

10) «Весна» дүкенінің маңындағы лашық

11) «Юбилейный» аялдамасындағы лашық

12) «Орал» дүкені аялдамасындағы лашық

13) Д.Қонаев атындағы ықшамаудан, «Арбаттағы» лашық

14) М.Ықсанов көшесінің бойындағы лашық

15) «Өнім» базарындағы лашық

16) Теміржол вокзалының ішіндегі газет-журнал лашығы

17) Теміржол вокзалының маңындағы «Сәуле» базарындағы лашық

18) «Променад» сауда үйінің фойесі

19) Гагарин көшесінің бойындағы лашық («Жөндеу зауыты» ауданы)

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале