4.05.2021, 8:45
Оқылды: 193

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері  мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті жерлестер!

 Сіздерді Ұлы  мереке – Жеңіс  күнімен  құттықтаймын!

45F6AEAD-A187-4438-A5BD-3525F9CD6DE5

Бұл күні біз майдан даласында қайсарлықпен, тыл жұмысында қажырлықпен Отанымыздың жарқын болашағы мен тәуелсіздігін сақтап қалған аға буын алдында бас иіп, рухтарына тағзым етеміз.

Ел басына күн туып, ер басына мұң ұялаған жылдарда ардагерлеріміздің Отан мен туған жердің намысын ойлап, майданда қан кешкен ерліктері ел жүрегінде мәңгілікке қалады. Батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі болған қадірлі ардагерлер, денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз берекелі болсын.

Құрметті  жерлестер!

Баршаңызға бейбіт өмір,

отбасы амандығы мен бақыт тілеймін.

 Құрметпен,  Әлібек Мерғалиев,

«Диана  плюс» ЖШС-ның  директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале