19.04.2021, 23:00
Оқылды: 125

Қадірлі жеңімпаздар мен тыл ардагерлері! Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық пен қажыр-қайрат, жанұя жарастығы мен отбасы амандығын тілеймін!

аудан аким куттыктауларына (4)

Біз, кейінгі толқын аға ұрпақтың майдандағы жанқиярлық ерлігі және тылдағы жанкешті еңбегі арқылы келген бүгінгі бейбіт өмірді ерекше бағалаймыз. Сол себепті де біз сіздерді әрдайым қуантуға пейілдіміз. Бейнеттеріңіздің зейнетін көріп, перзенттеріңіз бен үрім-бұтағығыңыздың қызығына кенеліп, халық пен биліктің сый-құрметі мен қамқорлығына бөленіп, ұзақ жасаңыздар! Ал замандастарыма айтарым, білім-білігімізді туған елдің мүддесіне сарқа жұмсап, биыл азаттықтың ақ таңы атып, тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын Отанымызды жасампаз еңбегімізбен гүлдендіре берейік!

Жеңіс күні құтты болсын, әлеумет!

 

Игі тілек, ізгі ниетпен,  

Қайрат Жұмабаев,

«Алматы өнімдері» ЖК-ның директоры   

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале