30.11.2021, 11:00
Оқылды: 95

Қайта иммундау басталды

Облыс тұрғындарына коронавирусқа қарсы ревакцинация салына бастады. Егер тұрғындар бұған дейін инактивті, яғни QazCovid-in, Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax вакциналарымен егілсе, оларға алты айдан кейін ревакцинация кезінде векторлы екпе ("Спутник V") егіледі. Ал векторлы екпе салдырғандар 9 айдан кейін инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе Pfizer сияқты РНК-вакцина әдісімен әзірленген екпе қабылдайды. Ревакцинация алдымен медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, балалар тәрбиеленетін жабық мекемелердің және күштік құрылым қызметкерлеріне салынуда. Соған орай біз №1 Орал қалалық  емханаға барып, екпенің үшінші дозасын салу барысымен таныстық.

14

– Биыл №1 қалалық емханада коронавирусқа қарсы вакцинамен 25 мыңнан астам тұрғын егілді. Өзім ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырдым. Содан бері 9 ай өтті. Еліміз бойынша ревакцинация басталып, өзім алғашқылардың бірі болып екпе егілдім. Vero Cell вакцинасын қабылдадым. Дәрігерлер қан қысымымды, сатурацияны өлшеді. 30 минут бақылауда болып, әрі қарай қызметімді жалғастырдым, – дейді аталмыш емхананың мейірбикесі Даражат Хисметова.

15

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманованың мәліметінше, өңірде 227 мың 129 адам КВИ-ге қарсы вакцинаның екі құрамымен егілген. Енді соларды қайта иммундау шарасы жүргізілмек.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале