1.08.2026, 10:00
Оқылды: 48

Қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа өтінім қабылдау басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа үміткерлерден құжат қабылдау басталады.

InShot_20260801_091008342

Фото: madenietaqparat

Бұл марапат елдегі қайырымдылықты, волонтерлікті, туған өлкені қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды дамытуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына, төтенше жағдайдан зардап шеккендерге, емделуге мұқтаж жандарға және ғылым, білім, мәдениет, жануарларды қорғау салаларына елеулі үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарға беріледі.

​Өтінімдер 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында электрондық пошта арқылы (a.isimbayeva@mki.gov.kz) немесе Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да қабылданады.

​Конкурсқа қатысуға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 74-03-11 және 74-06-74 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале