5.03.2021, 12:56
Оқылды: 291

Қайырымы мол Қайырлы

Өткен жылы басталған пандемия адамдарды қатты әбіржіткені өз алдына, бұған қоса біздің әрқайсымыздың адами келбетімізге де сын болған секілді. Айтып келген ауру деп осыны айтса керек. Өйткені осы індет алыстағы шетел түгілі республика аумағында жүріп жатқанынан әбден хабардар болсақ та, қауіпсіздік шараларын сақтауға асықпадық. Бәз-баяғы бейқам тірлігімізді жасай бердік. Тойға бардық, қонақ шақырдық, құда күттік, лық толы көліктерге таласа-тармаса міндік. Мұның өзі сақтанбаған адамға ауру жұқтырудың ең оңай жолы болғаны ақиқат еді. Басымызға ауыр күн туғанда жанымызды сауғалап, ауруханаға жүгірдік, ақ халатты дәрігерлердің қабағына қарап, үміт ұялататын сөздерін жанымызға жалау еттік. Жүре тыңдайтын нұсқауларға мән беріп, тапжылтпай орындадық. Әншейінде өмірге жүрдім-бардым қарайтын аңғал жұрт денсаулықтың, оның ішінде өмірдің қаншалықты қымбат екенін сол кезде жан дүниесімен түйсінді.

шың11

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 6 наурыз күнгі №18 санынан шыңғырлаулық журналист Гүлшат Ибрагимқызының «Қайырымы мол Қайырлы» атты мақаласынан оқи аласыздар!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале