16.02.2021, 22:27
Оқылды: 200

Қалада 29 инвестжоба жүзеге асады

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы жалпы құны 9,8 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба іске аспақ. Бұл жоба 591 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

1AB21EE5-8971-4B7C-B3D7-6488C2551E79

 – Инвестициялық жобалар бойынша жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС) мен сүт зауытының құрылысы (Uralsk Trade Company) жүргізіліп, «Омега sports» спорт кешенін салынатынын ерекше атап өтуге болады. Кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қолдау арқылы бизнес нысандар санын арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға, бюджетке түсімдерді көбейтуге мүмкіндік мол. Қаламызда «Көше саудасына 100 орын» атты жергілікті бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге төмен бағамен және оңтайлы жолмен жер учаскелері ұсынылуда. Сауда дүңгіршектерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, тазартылған су, шұжық өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністер саттыққа қойылған, – деді қала басшысы Абат Шыныбеков.

44178482-105B-494E-B4EC-D98351399CAC

 Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале