16.02.2024, 19:00
Оқылды: 84

"Қаладан ауылға" бағдарламасы тұралап қалады деген қорқыныш жоқ

Ол туралы БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді. Биыл қолға алынған бағдарлама бойынша қазірдің өзінде қаладан ауылға бес-алты отбасы қоныс аударды. Десе де кей шалғай ауылдардағы байланыс пен жол мәселесі қаладан ауылға аттанған көшті тоқтатып тастамай ма деген қорқыныш бар.

WhatsApp Image 2024-02-16 at 16.31.33 (1)

Аталған сауалға жауап берген өңір басшысы бағдарлама жан-жақты ойластырылғанын атап өтті.

- Көп адам ауылдан қалаға көшуді ойлайтын заманда өңір басшысы мынадай баңдарлама ойлап тапқаны қалай деген сөздің де болғанын білемін. Қазірдің өзінде алғашқы қоныс аударушылар бар. Біраз ел жазды күтіп отыр. Жазда ауылдық жерлерге жаңа үйлердің құрылысын бастаймыз. Сонымен қатар биыл 57 ауылға жол тартамыз, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

f9173a83-2d2e-4f9a-8803-d1a784d3e8c4

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале