13.12.2021, 10:50
Оқылды: 69

Канадада 280 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Канаданың шығысындағы Онтарио провинциясының оңтүстік бөлігінде қатты жел соғып, салдарынан 280 мыңнан астам үй мен басқа да ғимараттар жарықсыз қалды. Бұл туралы жексенбі күні Global news телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

14

Жел Торонто ауданы мен оған жақын маңайда соққан. Ұлттық метеобюроның мәліметінше, желдің жылдамдығы кей жерлерде 120 км/сағатқа (33 м/с) жеткен. Өңірде мыңдаған ағаш құлап, электр желілері зақымдалды.

Жергілікті электр желісі компаниясының хабарлауынша, апаттық бригада зақымдалған электр желілерін жөндеп жатыр, бірақ әліге дейін 210 мың қолданушы жарықсыз отыр. Қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталатынын хабарлаған жоқ.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале