13.02.2022, 18:10
Оқылды: 101

Канадада басталған жүк тасымалдаушылар қарсылық шеруі Еуропада жалғасуда

Париж полициясы қаланың негізгі кіреберістеріне бақылау-өткізу бекеттерін орнатты. Сонымен қатар тыйым салынған наразылық акциясына бет алған 500 көлікті тоқтата алғанын, алайда ондаған көліктің қала орталығына өтіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Еuronews.

A12C3001-176F-45F4-BEC1-36C8989679CE

Құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды, бірнеше адам ұсталды.

Францияның түкпір-түкпірінен астанаға автокөліктер, жылжымалы үйлер мен фургондар 2-3 күн ішінде қосалқы жолдар арқылы жеткен. Барлығы 3,5 мыңға жуық көлік бар.

Канада мен Франциядағы наразылық қозғалыстарынан шабыттанған ондаған жүк көлігі Гаагадағы парламент кешеніне кіре беріс жолды жауып тастады.

Жүк тасымалдаушыларға басқа да ковидке қарсы шектеулерге наразылық білдірушілер қосылды.

Канада мен Франциядағы наразылық қозғалыстарын қолдаған ондаған жүк көлігі Гаагадағы парламент кешеніне кіре беріс жолды жауып тастады.

«Біз азаттығымызды қайтарғымыз келеді. Соңғы кездері барлық салада тым көп шектеулер болып кетті. Мұны тоқтату керек», - деді наразылық білдірушілердің бірі.

Полиция наразылық білдірушілерді жақын маңдағы саябаққа өтуге шақырды, бірақ көбісі сол жерде «кем дегенде бір апта» болатындарын айтты.

«Бостандық конвойы» деп аталатын алғашқы шараны канадалық жүк көліктері АҚШ-пен шекарадан өткен кезде вакцинациялау талабына қарсылық білдіру үшін ұйымдастырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале