25.09.2023, 9:45
Оқылды: 98

Канадада биыл орман өрті ең көп тіркелген жыл болды

Қаңтар айынан бері елдің барлық 13 провинциясында алқаптар жиі отқа оранды, деп жазды 24.kz.

E8C445E3-C738-46AA-BDDC-6DFA034BD1BE

Соның салдарынан 166 мың шаршы шақырым жер тып-типыл жанып кетті. Табиғат апатынан ондаған мың адам эвакуацияланып, ел экономикасына орасан зор шығын келді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазірдің өзінде Канаданың бірқатар аймағында орман әлі өртеніп жатыр. Өткен бейсенбі күні 1 мыңнан аса өрт ошағы тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале