5.09.2022, 11:46
Оқылды: 78

Канадада қарулы шабуылдан 10 адам көз жұмды, тағы 15-і ауруханада жатыр

Канаданың орталық Саскачеван провинциясында болған шабуылдан кем дегенде 10 адам қаза тауып, тағы 15 адам пышақ жарақатын алған. Полицияның мәліметінше, шабуыл жасаған екі адам қашып кетті, оларды бүкіл провинция аумағынан іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

220905090356941e

Шабуылдан жапа шеккендер 13 түрлі жерден, соның ішінде канадалық кри үндістері тұратын Джеймс Смит резерваты мен Уэлдон ауылынан табылды.

Полиция шабуыл жасаған күдіктілердің есімін атады. Олар - 31 жастағы Дэмиен Сандерсон және 30 жастағы Майлз Сандерсон. Олар өзара туыс па, жоқ па - белгісіз.

Полиция күдікті екеудің қарулы әрі қауіпті екенін және әлі де қашып жүргенін айтады.

Соңғы рет олар жексенбі күні түстен кейін Уэлдоннан оңтүстікке қарай 280 км жерде Реджайн провинциясының астанасында бой көрсеткен.

Джеймс Смит резерватында төтенше жағдай жарияланды, бұл шара - биліктің мәлімдеуінше, жексенбіде Канададағы байырғы қауым мүшелеріне бағытталған «көптеген кісі өлтіру мен шабуылдарға» жауап.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале