17.02.2022, 11:20
Оқылды: 136

Қаңтар оқиғаларында 673 азаматтық тұлғаға оқ тиді - ІІМ

Қаңтар оқиғаларында 673 азаматтық тұлғаға оқ тиді. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220216214718155e

«Мүліктік сипаттағы қылмыстармен қатар ішкі істер органдары қаңтар оқиғалары кезінде адамдардың қайтыс болуы және олардың жарақат алу фактілерін тергеуде. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша қаңтар оқиғалары барысында 1 726 адам, оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттармен, 469-ы пышақталған және тесілген жарақаттармен, 431-і дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінген. Медициналық көмекке жүгінген азаматтардың басым бөлігі Алматы қаласында – 686, Алматы облысында – 336, Қызылорда облысында – 164, Жамбыл облысында – 153, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында 126 адам.», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

ІІМ өкілі бұл мәліметтер тек азаматтық тұлғаларға қатысты екендігін айтады.

«Олардың бірқатары жарақаттарды мемлекеттік мекемелер нысандарына және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз еткен қызметкерлерге шабуыл жасау уақытында алғаны күмәнсіз. Негізінен оны бейнежазбалар дәлелдейді. Басқа жағдайлар кезінде дене жарақаттарын алудың мән-жайларын анықтау бойынша жұмыс жалғасуда», - деді Санжар Әділов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале