19.01.2024, 12:00
Оқылды: 53

Қаңтар ҰБТ-сында ең көп таңдалған пәндер комбинациясы қандай?

Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді. Талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдаған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

калам

Бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және тағы басқа бағыттарға оқуға түсе алады.

Сонымен қатар алғашқы бестікте «Математика-Физика» – 16,9%, «Математика-Информатика» – 11,7%, «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 9,4% және «Шығармашылық емтихан» – 9,3% бар.

Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы «Математика-Физика» – 19,2% болды. Екінші орында «Биология-Химия» – 18,6%, ары қарай «Шығармашылық емтихан» – 10,2%, «Математика-Информатика» – 10% және «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 8,7%.

«ҰБТ-дағы ең танымал комбинацияны "Биология-Химия" деп өзгеру талапкерлер арасында медициналық және ауылшаруашылық мамандықтарының басым таңдауға ие болғандығын көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда ҰБТ-ның барлық кезеңдерінде талапкерлер инженерлік, құрылыс, педагогикалық және басқа да мамандықтарға түсуге мүмкіндік беретін «Математика-Физика» комбинациясын көп таңдады. Осы комбинацияда мамандық таңдау мүмкіндігі де көбірек, сонымен қатар гранттар алу ықтималдығы жоғары. Осыған қарамастан, 2024 жылы талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдауды жөн көрді», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 136 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале