15.04.2021, 20:38
Оқылды: 131

Қанжығада 4 алтын

Жуырда Алматы қаласында классикалық пауэрлифтингтен (күштік үшсайыс) өткен Қазақстан чемпионатында БҚО құрамасы 4 алтын, 2 күміс және бір қола медаль еншіледі.

 Қанжығада 4 АЛТЫН!

Ерлер, әйелдер, ардагерлер және жасөспірімдер арасында өткен сайысқа батысқазақстандық 13 спортшы қатысқан болатын. Еліміздің барлық өңірлерінен келген 500-ге тарта сайдың тасындай іріктелген мықтылардың арасынан озып шығып, олжа салу оңайға соқпады. Дегенмен де, бұрыннан пауэрлифтингте жақсы жетістіктерге жетіп жүрген жерлестеріміз жерге қаратпады. Сонымен, жасөспірімдер арасында 74 келі салмақ дәрежесінде чемпиондық тұғырға Оралдағы №4 БЖСМ шәкірті Анастасия Дамрина көтерілді. Ардагерлер арасында оралдық Владимир Шкирман (74 келі, ардагерлер – 1), ақсайлықтар Серік Ғұсманов (74 келі, ардагерлер – 2) пен Виталий Потехин (105 келі, ардагерлер – 1) жеңіске жетті. Жасөспірімдер арасында 57 келі салмақ дәрежесінде Оралдағы №4 БЖСМ шәкірті Сара Айтасова мен 66 келі салмақ дәрежесінде казталовтық Айдын Елемесов (ардагерлер – 1) күміс медальға ие болды. Қола медальды 105 келі салмақ дәрежесінде оралдық Павел Заграничный қанжығалап, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ оралдықтар Роман Глусаков, Антон Ланцев, Илья Грень, ақсайлықтар Виталий Мухамедшин мен Әділхан Сисенов ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанды.

 

Тоқтар Ғабдірешұлы,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале