25.06.2022, 10:09
Оқылды: 283

Қарағанды қаласында журналистер арасындағы спартакиада басталды

Қарағанды қаласында БАҚ арасындағы республикалық спартакиада басталды.

IMG-20220625-WA0006

Журналистердің төл мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға БҚО командасы қатысып жатыр. Соның ішінде "Жайық Пресс" медиахолдингінен бақ сынап жатқан әріптестеріміз де бар.

IMG-20220625-WA0003

Спартакиада спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі, қазақ күресі, бильярд секілді түрлерінен өтіп жатыр. Жаңа ғана әріптесіміз, Тасқала аудандық "Екпін" газетінің редакторы Темірболат Тоқмамбетов қазақ күресінен 3-орын алды деген ақжолтай хабар жетті.

Үздіктер жиналған додада жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале