14.09.2022, 17:15
Оқылды: 101

Қарағандыда Головкин – Альварес жекпе-жегі үлкен экрандардан көрсетіледі

Қарағандылықтар Головкин – «Канело» жекпе-жегінің трансляциясын үлкен экрандардан көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

Жексенбі, 18 қыркүйек күні Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін үшінші айқас өтеді. Бұл титулдарға қазір Альварес ие. Қарағандылықтар жекпе-жекті қаланың екі үлкен экранынан көре алады.

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, жекпе-жек Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің (Магнитогорская көшесі, 19) және «Шахтер» стадионының шығыс трибунасының жанындағы LED-экрандарда көрсетіледі. Басталуы сағат 07:00-де.

Айта кетейік, Геннадий 1982 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Головкин – «Канело» кездесуі Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында өтеді. Осы бокс кеші екі талантты спортшының бәсекелестігінде нүкте қоюы тиіс. Себебі осыған дейінгі екі жекпе-жектің алғашқысы тең есеппен аяқталса, екіншісі мексикалық боксшының пайдасына шешілді.

Жалпы қазақстандықтар бокс кешін Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден көре алады.

Фото: sports.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале