20.05.2022, 22:31
Оқылды: 166

Қарағандыда қанттың бір келісі 1300 теңгеден сатылған – «Антикор»

Ең қымбат қант - Қарағандыда, бір келісі - 1300 теңге тұрады. Ал кей дүкендерде мүлдем қант жоқ. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

443208313c4b47df9f1d150156893110

Қадағалаушы органға тұрғындар қант таппай жүргендерін айтып шағымданып жатқан көрінеді. Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменті сауда нүктелері мен жергілікті дүкендерді тексеруге кірісті, делінген Astana.tv сюжетінде.

Бағаларға мониторинг жасаймыз, қоғамдық тамақтану орындары дүкендер қантты негізсіз қымбаттатып жіберді. Бағасы көрсетілген, бірақ қант жоқ сөрелер тұр. Тіпті 900 ден 1300 теңгеге дейін көтерілген. Облысқа ай басынан бастап 400 тонна қант өнімі келген болатын және коммерциялық қоймаларда 334 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де СПК стабилизациялық қорында 465 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де тауарлық интервенция жүргізілуде.

Қарағанды вокзалының маңындағы жұрт ең көп келетін әлеуметтік павильонның сатушылары күніне сегіз қап қант сататындарын айтады. Супермаркеттер желісінің көбінде шекер біткен. Ал кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өнім өңірде жеткілікті. "Жоқшылықты кәсіпкерлер қолдан жасап отыр", - дейді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале