5.11.2021, 10:16
Оқылды: 229

Қарайған балықты құтқарды

Өңірімізде балық шаруашылығын дамытуға лайықты үлестерін қосып жүрген кәсіпкерлік нысандары  аз емес. Солардың   бірі – «Azhgaliyev» ЖШС.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 10.13.01 (1)

2020 жылдың қыркүйек айында Көшім өзенінен балық шаруашылығымен айналысуға учаске алған аталмыш ЖШС балық шаруашылығын дамыту жоспарын жасақтап, аз уақытта өз мойнына алған міндет-қызметтерді жүйелі жолға қойып, қалтқысыз атқарып отыр.

Соның бірі – бөлініп қалған су айдындарынан шабақтарды құтқарып, балық атаулының тыныс-тіршілігіне қолайлы тіршілік ортасына жіберу жұмыстары. Айталық, 2021 жылдың 26-28 қазаны аралығында Тайпақ каналынан бөлініп қалған ұзындығы 500 м, ені 30 м, орташа тереңдігі 50-60 см су айдынынан сазан, табан, көксерке, алабұға, аққайраң, шортан, қызылқанат, мөңке балықтарын аулап, суы мол Көшім өзеніне жіберді.

Осылайша «Azhgaliyev» ЖШС  ұзын саны 84 462 дана балықты қырылып қалу қаупінен құтқарды. Мұндай сауапты істер жүйелі жалғасын таба берсін дейміз.

Артур  Ізтаев,

«Azhgaliyev»  ЖШС  қорықшысы,

Гүлсара   Ермұқанова,

БҚО  бойынша  балық  инспекциясы  басқармасының  бас  маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале