28.05.2026, 15:00
Оқылды: 42

Қарашығанақ кен орнында жаңа бұрғылау қондырғысы іске қосылды

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында өндірістік жұмыстар қарқынды жалғасуда. Кен орнын игеру аясында №9899 ұңғымасында жаңа №249 бұрғылау қондырғысы іске қосылып, бұрғылау жұмыстары ресми түрде басталды. Аталған жоба өңірдің мұнай-газ саласын дамытуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және қауіпсіз әрі тиімді технологияларды енгізуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жазды. 

_gluster_2026_5_26_d07c1a9deaaf81c54a4a783240e446d9_1280x720

Бұрғылау қондырғысын іске қосу барысында өндірістік қауіпсіздік талаптары мен техникалық регламенттердің сақталуына ерекше назар аударылды. Жаңа бұрғылау қондырғысы заманауи технологиялармен жабдықталған және жоғары өнімділік көрсеткіштеріне ие. Бұл өз кезегінде бұрғылау жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қондырғыда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған бақылау жүйелері қарастырылған.

_gluster_2026_5_26_23c62480c143c37163ee62152ab5c35c_1280x720

Қарашығанақ кен орны еліміздің стратегиялық маңызы бар ірі мұнай-газ жобаларының бірі ретінде энергетика саласының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келеді. №249 бұрғылау қондырғысының іске қосылуы өндірістік көрсеткіштердің артуына, жаңа қорларды игеруге және өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.Нысанды іске қосу кезінде комиссия мүшелері ретінде БҚО ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале