3.06.2026, 12:00
Оқылды: 48

Қарашығанақ: ҚКЖ-1Б алғаш рет газды қабатқа кері айдады

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы ҚКЖ-1Б жобасы алғаш рет газды қабатқа қауіпсіз кері айдағанын қуана хабарлайды. Бұл аса маңызды белес қауіпсіз түрде, жоспарланған мерзімнен ерте аяқталды.  Жоба аясында 7 миллионнан астам адам-сағат жұмыс атқарылды, оның ішінде соңғы ЕҚЖЖ-ден кейін жұмыс уақытын жоғалтусыз 5,5 миллион адам-сағат орындалды. Бұл кезең Қазақстандағы ең ірі мұнай және газ кен орындарының бірі болып табылатын Қарашығанақ жобасындағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

WhatsApp Image 2026-06-03 at 12.32.55

КПО-ның осы маңызды белесті еңсеруі оның Қарашығанақ кен орнын қауіпсіз, жауапты және тиімді игеруге деген міндеттемесіне беріктігін көрсетеді. Бұл жаңа компрессор қойнауқаттағы қысым деңгейін ұстай отырып, кен орнындағы сұйық көмірсутектер өндіру бойынша ең жоғары деңгейді сақтап тұру мерзімін ұзартады, сондай-ақ КПО-ның газды дайындау бойынша өнімділігін және қабатқа кері айдалатын газдың көлемін едәуір арттырады деп күтіледі.

Геосаяси шиеленістер, логистикалық шектеулер және жеткізілімдерді ұйымдастыру тізбегіндегі үзілістер сияқты сыртқы қиындықтарға қарамастан, сәтті іске асырылып жатқан бұл жоба – КПО-ның жобаларды жүзеге асыру саласындағы асқан шеберлігінің және өндірістік ортаның күрделі жағдайларындағы тұрақтылығының тағы бір айғағы.

КПО жергілікті қамтуды барынша ұлғайтуға және жергілікті тұрғындардың дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуіне үлес қосуға деген міндеттемелерін берік ұстанып келеді. Осы күнге дейін ҚКЖ-1Б жобасындағы жергілікті қамту көрсеткіші 39%-ды құрап, көзделген 45%-дық мақсатты көрсеткішке қарай жылжып келеді. Құрылыс сатысында жобада жергілікті персонал үшін 2 000-нан астам жұмыс орны ашылды, олар эксплуатация сатысында да сақталады деп күтіледі.

Елдің энергетика саласында Қарашығанақты стратегиялық актив ретінде бекітетін бұл белес ҚР Үкіметінің энергетика секторын тұрақты дамыту бойынша мақсаттарымен үйлесімді ұштасады. Жоба басталғалы бері, Қарашығанақ салықтар және басқа міндетті төлемдер арқылы мемлекеттік бюджетке айтарлықтай үлес қосты. ҚКЖ-1Б жобасының сәтті аяқталуы – Қарашығанақ кен орнын үздіксіз игеру жолындағы маңызды қадам. Бұл жетістік өндірістің ұзақ мерзімді тұрақтылығын, экономиканың өсуін және өңірдің дамуын қамтамасыз етеді.

«Газды қабатқа кері айдау белесін мерзімінен бұрын бағындыру және бұл орайда қауіпсіздік техникасы саласында тамаша көрсеткіштерге жету – жобаға атсалысқан барлық ұжымның кәсіпқойлығы мен тығыз ынтымақтастығының айғағы», – деп атап өтті КПО бас директоры Марко Марсили. «Бұл жоба өндіріс деңгейін тұрақты сақтау мен барлық мүдделі тараптарға ұзақ мерзімді құндылық әкелуге маңызды рөл атқарады».

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале