17.04.2026, 10:45
Оқылды: 8

Қарашығанақтағы  зауыт  жобасын  «QazaqGaz»  қадағалайды

news2_21.09.2021

Фото: kpo.kz

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасына  сәйкес  Үкімет Қарашығанақ газ  өңдеу  зауытын  салу мәселесімен  шұғылданып  жатқаны  белгілі.

Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орны. Оның аумағы 250 шаршы метрден асады. Оның акци-онерлері - Shell plc (29.25%), Eni (29.25%), Chevron (18%), «Лукойл» (13.5%) және «ҚазМұнайГаз» (10%)  ком-паниялары.

Қазақстан үкіметі «ҚПО-ның» негізгі акционерлері –  италиялық Shell мен Eni компанияларымен келіссөз  жүргізді. Қазақстан мүддесін  қорғайтын мемлекеттік агент­тік «PSA» ЖШС жуырда екі компаниямен келіссөз жүргізу тоқтағанын хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша шетелдік компаниялар мемлекетке жоғары талаптар қойып, жобаның қымбатқа шығуына мүдделі болған.  Бұған ел Үкіметі келіспеді.

Ірі нысан жөнінде бұған дейін елдегі басылымдар  жиі ақпарат жариялады.

Kaz.inform.kz сайтының мәліметі бойынша Қарашығанақ акционерлері мемлекеттен за­уыт шығынын өтеуді, оған қоса 1 миллиард доллар төлеуді талап еткен.

Сарапшы Нұрлан Жұмағұлов «ҚПО б.в.» компаниясы 2024 жылы кен орнын игеруден 1,4 млрд теңге тапқанын, мұндай табыспен жаңа зауытты салып беруге мүдделі бола қоймауы мүмкін екенін жазған еді.

Сонымен Shell мен Eni бұл жобадан кеткен соң, Үкімет  елдегі компаниялар ресур­сына сүйенуді көздеген секілді. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Астанада Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткенін хабарлады. Оған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» қоры, «QazaqGaz», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялары, «ҚМГ Қарашығанақтың» басшылары және акцио-нерлер қатысты.

Энергетика министрі қуат­тылығы жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін Қарашығанақ ГӨЗ-ін салу Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті. Бұл нысан Газ сала-сын  дамытудың 2029 жылға де­йінгі кешенді жоспарына енген.

Жобаның басты мақсаты –  ішкі нарықтың тауарлық газ­ға деген сұранысын өтеу, импортқа тәуелділікті төменде­ту. Әлі күнге Қарашығанақ конденсатындағы газды Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы зауыт өңдеп отыр. Сондықтан Қазақстан үшін шикізат өңдеу қуатын әртараптандыру маңызды.

«Кездесу барысында министр Ерлан Ақкенженов жобаның іске асырылу барысы  туралы есепті тыңдады. Қа­зіргі уақытта жобаның экономикалық тиімділігі расталды және Қытайдың «CITIC Construction» корпорациясы­мен ынтымақтастықтың базалық принциптері туралы келісімге қол қойылды. Базалық жобалау кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Жер учаскесі, инфрақұрылым және шикізат базасымен қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Стратегиялық жобаның бірыңғай операторы болып «QazaqGaz» ұлттық компаниясы белгіленді. Үкімет бұл ретте компанияның ірі газ активтерін басқарудағы ұзақ мерзімді тәжірибесінің болуын ескерген.

Қатысушылар Қарашыға­нақ жобасының шетелдік акционерлерімен келіссөз  барысына ерекше назар аударды. Министр шикі газды жеткізу, баға белгілеу және зауытты кен орнындағы инфрақұры­лыммен интеграциялау мәселелерін тезірек реттеу қажеттігін атап өтті. Кеңес барысында газды кәдеге жаратқаны үшін төлем механизмін  әділ реттеу мәселесі көтерілді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов келіссөздердің созылуы зауыт құрылысын бастауға кедергі болып отырғанын  айтты.

«Қазақстан үшін бұл зауыттың маңызы зор, сондықтан жобаның басталу мерзімін үздіксіз кейінге қалдыруға жол берілмейді. Мемлекетке нәтиже керек. Жоба қарқынды түрде және біздің ұлттық экономикалық мүдде-лерімізге толық сәйкес іске асуы тиіс. Консорциумнан сындарлы және жедел ұстаным күтеміз», –  деп қадап айтты Ерлан Ақкенженов.

Министр мемлекеттің ұстанымы өзгермейтінін, ұлттық мүдде тұрғысынан жобаның тиімді болуы керек екенін, таяу уақытта барлық қатысушымен ортақ мәмілеге келу басым міндет екенін жеткізді. Тапсырмалар-дың орындалуы мен жобаның іске асырылу барысы ерекше бақылауда болады.

Бұл мәселенің егжей-тегжейін білу үшін Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бейімбет  Мусинге хабарластық. «Қа­зіргі уақытта жергілікті атқарушы құрылым зауыт салу үшін жер телімін бөлді. Ны-санның орналастыру жоспа­ры бойынша техникалық жұмысты ұлттық компания атқарады», – деді басқарма басшысы.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметі зауыт жобасының жүргізілуіне аталған компания жауапты болатынын хабарлады. Бұл – «Са­мұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  портфельдік компаниясы. Компания та­уар­лық газды тарату желілері бойынша орталықтандырылған инфра­құрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі, сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ  қоймаларын  салады.

Нұртай  Алтайұлы,

«Жайық Пресс»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале