5.02.2020, 12:49
Оқылды: 151

Қаратөбе ауданында мұғалімдер мен дәрігерлер жетіспейді

Өткен жылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратөбе ауданындағы барлық білім беру ұйымы бейнебақылау жүйесімен толықтай қамтылған.

qaratobe (21)

-Өткен жылдың аяғында аудандағы 12 мектеп талшықты оптикалық байланыс желісіне қосылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың желтоқсанында Қаратөбе мектеп-гимназиясында «Smart school» интеллектуалды ақпараттық жүйесі орнатылды.

qaratobe (17)

Ауданда педагог кадрларға қажеттілік әлі де бар. Атап айтсақ, математика, орыс тілі, физика пәні, ағылшын тілі, музыка пәнінен мұғалімдер қажет. Тура осындай мәселе денсаулық сақтау саласында да бар. Қазір ауданда анестезиолог-реаниматолог, педиатор, жалпы тәжірибелі дәрігер, дерматовенеролог сынды мамандар жетіспейді, - деді есептік кездесуде аудан әкімі Ж.Асантаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале