27.08.2026, 15:30
Оқылды: 54

Қаратөбе ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданына жұмыс сапары аясында Сәуле ауылында салынған жаңа шағын жинақты білім ордасының ашылу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы елді мекен тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтап, Жақсыбай негізгі орта мектебінің су жаңа ғимараты жас ұрпаққа берілетін білім сапасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

785645500_18642033325028162_3213122247181743579_n

- Кейінгі 3 жылда өңірде 30 мектеп жаңадан салынды. Биыл кезекті оқу жылында осындай тағы 7 шағын жинақты мектепті пайдалануға бергелі отырмыз. Білім беру инфрақұрылымын дамыту, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасындағы алшақтықты азайту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың нақты тапсырмасы. Бұл жөнінде Президент күні кеше өткен Тамыз конференциясының пленарлық отырысында да айтты. Жас ұрпақтың алаңсыз білім алуы үшін жағдай жасау – мемлекеттің стратегиялық міндеті, - деді Нариман Төреғалиев.

787941956_18642033313028162_195065549670545287_n

Облыс әкімі ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауына белсене қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін ауыл тұрғындарына ризашылығын жеткізді. Әлеуметтік нысанды уақытылы әрі сапалы салып берген құрылысшыларға алғыс хат табыс етті.

788162687_18642033424028162_5435038707394937520_n

Жақсыбай негізгі мектебі 1973 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылып, 1991 жылы мәртебесі ауысқан. Жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылған ғимараттың тозығы жетті. 60 орынға шақталған су жаңа нысан KPO b.v. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында бой көтерді.

786313665_18642033409028162_901998576649618566_n

Жаңа ғимаратта 10 оқу кабинеті бар. Сондай-ақ, 2 шеберхана, кітапхана, асхана, мәжіліс және спорт залдарымен қамтамасыз етілген. Балалар қауіпсіздігі үшін 62 бейнебақылау камерасы мен кіреберіске турникет қойылған. Мектеп ауласы толық абаттандырылған. Спорт және балалар ойын алаңдары жасақталған.

788961985_18642033457028162_5843392112479322989_n

Салтанатты іс-шараға қатысқан ауыл тұрғындары игілікті іске дән риза екенін айтып, мемлекет қолдауы үшін алғыс білдірді.

785759026_18642033553028162_5647561180880609152_n

Айта кетейік, жаңа оқу жылында негізгі мектепте 69 оқушы білім алады. Оларға 29 педагог сабақ береді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале