5.02.2020, 12:41
Оқылды: 89

Қаратөбеде 17,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Былтыр Қаратөбе ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,5 млрд. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,7 % артқан.

qaratobe (18)

Бұл туралы Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев есептік кездесуде мәлімдеді. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қатысуда.

-Соңғы бес жылда мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, аудан шаруашылықтардың техникалық паркі 24 % жаңарды.

2019 жылы аудан шаруашылықтары өз ісін жандандыруға 330 млн. теңге инвестиция салса, мемлекет тарапынан 421 млн.теңге, оның ішінде мал шаруашылығына 311 млн.теңге және инвестициялық салымдардың шығындарын өтеуге 110 млн.теңге субсидия төленді.

qaratobe (24)

Мақсатты пайдаланбаған 21 шаруа қожалығының 17,7 мың га. жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

2019 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге екі рет конкурс өткізілді. Жалпы өткен жылы 45 650 га. жер берілді.

qaratobe (19)

Өткен жылы ауданда тұрғындардың кәсіп ашуы және шаруасын дөңгелетуі үшін алғаш рет электронды түрде zem.kz порталы арқылы 6 жер теліміне аукцион өткізілді. Нәтижесінде бюджетке 1 млн. 226 мың теңге төлем түсті, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале