5.02.2020, 12:45
Оқылды: 78

Қаратөбеде мемлекеттік бағдарламалар аясында 183 тұрғынға грант берілген

Былтыр Қаратөбе ауданында 52 млн. 200 мың теңге салық түссе, 86 адамға 252,2 млн.теңге жеңілдетілген несие берілген.

 qaratobe (3)

-Мемлекеттік бағдарламалар аясында 183 адамға 84,5 млн. теңге грант берілді. Оның 106-ы жас кәсіпкер, 10-ы көп балалы отбасы мүшесі, 30 АӘК алатын отбасыдан, 3-уі еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі, 34-і жұмыссыз тұрғын.

qaratobe (15)

2019 жылы шаруа қожалықтардың, тауар өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің қатысуымен 13 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 5,2 тонна ет, бақша өнімі және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімі шығарылды. Сонымен қатар ауданға облыс орталығындағы ұн өндіруші кәсіпорнынан 10 тонна 1-інші сұрыпты ұн әкелінді. Аудан халқы бұл көрсетілген көмектің игілігін көріп отыр, - деді Қаратөбе ауданының әкімі Ж.Асантаев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале