11.08.2018, 20:30
Оқылды: 93

Қаратөбеде облыстық ақындар айтысы өтті

Қаратөбенің мерейтойы «90 жылдық тарихың бар, Қаратөбем» атты облыстық ақындар айтысымен жалғасты.

айтыс (1)Өнер бәйгесін Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарынан 10 ақын қатысып, Қаратөбе елін жырға бөледі.

Айтыстың алғашқы айналымында 5 жұп болса, қарсыластарынан оза шапқан (3 жұп) жәнібектік М.Мирланов, казталовтық Е.Мұқамбетов, бөкейордалық Т.Мықиев, теректілік Э.Ихсанов, сырымдық Б.Ширмединұлы, қаратөбелік Р.Өтепов ІІ финалдық айналымға шығып, жыр көкпарын өрілтті. Айтыс жанкүйерлері айтыскерлердің мәнерлі мақамына, қарсыласын қаймықтырған әзіліне қарық болды.
Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені жәнібектік М.Мирланов қанжығасына байласа, І орынды қаратөбелік Р.Өтепов иеленді. Ал сырымдық Б.Ширмединұлы ІІ, теректілік Э.Ихсанов, бөкейордалық Т.Мықиев пен казталовтық Е.Мұқамбетов ІІІ орынға көрінді.
Айтыстың Александр Қауенов атындағы арнайы жүлдесімен ақжайықтық М.Шакенов, Дінекеш Айтжанов атындағы жүлдемен ақжайықтық А.Бисенғалиев, Құспан Құттыбаев атындағы жүлдемен бөрлілік Ж.Шынтаев, Қажайтай Кенжеғалиев атындағы жүлдемен жаңақалалық О.Меңдіқұлов марапатталып, сертификаттар табысталды.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,
Қаратөбе ауданы

айтыс (5) айтыс (4) айтыс (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале