4.11.2020, 14:59
Оқылды: 551

Қаратөбелік оқушы республикалық байқаудың жүлдегері атанды

28-30 қазан күндері ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың қашықтық байқауының Республикалық кезеңі өткен болатын.

 ермек

Республикалық байқауға Батыс Қазақстан облысынан 9 номинация бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысып, облыс намысын қорғады.

Оның ішінде Қаратөбе ауданы, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Бастапқы авто үлгілеу» үйірмесінің тәрбиеленушісі Мұхтарұлы Ермек  байқаудың «Автокөліктің қолданыстағы моделдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша қатысып, өзінің «Дезинфекциялау жұмыстарына арналған автокөлік» атты жобасын ұсынды.

Ермек Мұхтарұлы ұсынған жобаның мақсаты қазіргі күрделі ахуал жағдайында адамдарға дезинфекция жұмыстарын жүргізу кезінде барынша көмектесу, қолдау көрсету болып табылады.

Әлемде болып жатқан  күрделі ахуал жағдайында дезинфекция жұмыстарын жүзеге асыру, яғни COVID-19 вирусымен күресу кезінде аталмыш автокөліктің адамдарға тез, әрі ыңғайлы жұмыс жасау, дезинфекция жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуге атсалысуда Ермек қорғаған жобаның көмегі зор.

Республикалық кезеңде әділ қазылардың шешімімен 19 қатысушының арасынан қаратөбелік оқушы Ермек Мұхтарұлы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жүлдегер өреннің жетекшісі – Қаратөбе мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогы Ернұр Базарбайұлы.

 

Ертай Бимұханов,

           zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале