ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады», - делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.
«К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
19:3220.05.2022
Ақша бопсалаған ер адам ұсталды
10:0020.04.2022
Қызылордалық әйел өз баласын көшеге тастап, полицияға "тауып алғанын" хабарлаған
18:0018.03.2022
Ішкі істер министрі Президентке қаңтар оқиғасын тергеу қалай жүріп жатқанын баяндады
15:0014.03.2022
Кәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін - Бас прокурор жауабы
20.05.2022, 19:32
18.03.2022, 18:00
14.03.2022, 15:00