5.01.2023, 14:45
Оқылды: 51

Кәрім Мәсімов мемлекеттік төңкерістің басты ұйымдастырушыларының бірі - Бас прокурор

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушылары туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

9

Мәжіліс отырысынан кейін Бас прокурор журналистердің сауалдарына жауап берді.

«Қаңтар оқиғасы бүкіл халық үшін қасірет болды. Бұның барлығы алдын ала жоспарланғаны да белгілі. Ұйымдастырушылар, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар, экстремистер, соның ішінде террористік ұйымдар ұзақ уақыт бойы дайындалған. Террористік әрекеттер бойынша екі қылмыстық істі сотқа жібердік», деді Берік Асылов.

Бас прокурорға «Кәрім Мәсімовты басты ұйымдастырушы деп есептеуімізге бола ма?» деген сұрақ қойылды.

«Мемлекеттік төңкеріс болды. Басты ұйымдастырушылар, жоғарыда айтқанымдай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші басшыларына – Мәсімовке, оның ішінде депутаттарға да қатысты қылмыстық іс қозғалды», деді Асылов.

БАҚ өкілдері «Тергеу бойынша Мәсімов басты ұйымдастырушы ма?» деп сұрады.

«Иә, солай айтуға болады», деп жауап берді Бас прокурор.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале