13.09.2018, 11:00
Оқылды: 95

Картоп «жыры» немесе көкөніс жетіспеушілігі биыл да қайталана ма?

Көкөніс  қымбатшылығы  – жыл  сайын  күн суытқанда  қайталанатын  құбылыс.  Соның  ішінде  «екінші  нан»  атанып  кеткен  картоп  бүгінде  80-110  теңгеге  сатылғанымен,  алдағы  уақытта оның  бағасы  да  күрт  жоғарылайтыны  бесенеден  белгілі.

1

Мамандар жыл сайын күзде сұра­нысты артығымен өтейтіндей өнім жиналатынын айтты. Тіпті облысымыз­да сол өнімді сақтайтын ауыл шаруа­шылығы кәсіпкерлерінің қоймалары да баршылық. Дегенмен жеке кәсіпкерлер өз қоймаларындағы өнімнің басым бөлігін шетелге сатып жіберу­ге мәжбүр. Өйткені өнімді бір жыл бо­йы бұзып алмай сақтау үшін біраз шығындануға тура келеді. Ал еркін сау­да заманында әркімнің бас пайдасын ойлайтыны хақ. Дегенмен кәсіпкер­лер белгілі өнім қорын қоймала­-

Облыстық ауыл ша­р­уа­шылығы бас­­­қармасының бер­ген мәлі­метіне сүйен­сек, биыл осы уақытқа дейін  1822 гектар жерден 21 577 тонна картоп жиналып үл­герген. Бұл бар­лық егілген картоптың 42 пайызын ғана құрайтынын ескерсек, облыс халқының жылдық сұранысын өтеуге жетерлік картоп өнімі бар деуге болады. Әйтсе де, қыс ортасы ауғанда көкөніс «жыры» міндетті түрде басталады. Сонда күзде жинаған мол өніміміз алты ай өтер-өтпестен таусылып қалатыны қалай? Қоймаларында сақтаудай-ақ сақтайды. Кейін өңір­де картоп азайғанда қоймаларын ашып, оның бағасын шарықтатып сата­ды. Осылайша шаруалар шығынын ақтап алуға тырысады. Орал қаласын­да тұрақтандыру қоры бар. Осы қор кә­сіпкерлерден бірнеше тонна өнім сатып алады. Өнім азайғанда қорда­ғы өнім шығарылып, төмен ба­ғамен сатылады. Міне, кейде картоптың ба­ғасы әр жерде әр түрлі бола­тыны сон­дықтан болса керек. Негізі, өзге елге сатылғаннан қалған кар­топ келесі жылдың ақпан-наурыз айларына дейін жетеді екен. Ал көктем мез­гілін­де Ресейден, соның ішінде Татарстан, Башқұртстаннан тасымалданады. Жаз­да Мысыр және Пәкістанның карто­бы келеді. Осы бірізділік жыл сайын қайта­ланады. Осының бәрі тұтынушы­ларды баға қымбатшылығына әкеп ұрынды­ратыны  өкінішті.

            – Апта сайын «Мирлан», «Алтын алма», «Керуен» базарларына және 90 азық-түлік дүкеніне мониторинг жүр­гіземіз. Әзірге еш жерде негізсіз қымбатшылықты байқамадық. Егер он­дай жағдай болса, Табиғи монополия­ларды реттеу және бәсекелестік­ті қорғау комитетіне тиісті хат жолдай­мыз. Сонымен қатар бағаны тұрақ­тан­дыру мақсатында қала әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәр­меңкесін ұйымдастырып келеді. Жәрмеңкеде 10-15 пайызға дейін ар­зандатылған өнімді сатып алуға мүм­кіндік бар. Әзірге бағаларды қымбат  деуге еш негіз жоқ. Маусымға байланысты бағалар да ауытқып тұрады, – дейді Орал қалалық кәсіпкерлік бө­лімінің  меңгерушісі  Мейрам  Хаиров.

Айым  ТӨЛЕУҒАЛИ,

«Орал  өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале