12.01.2024, 12:45
Оқылды: 31

Қарулы күштерде парашюттік даярлық қағидалары бекітіледі

"Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады", - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс істері министрлігі.

4dc3b97a1ef7bf02d869bd7ee6df9350_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бұл құжаттың жобасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 159) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықтың тәртібін айқындау, сондай-ақ 32039 әскери бөлім бөлімшелері жеке құрамының оқу, оқу-жауынгерлік және арнаулы міндеттерді орындауы үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктердің тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 24 қаңтарына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14889597 сілтеме арқылы танысуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале