14.08.2023, 10:30
Оқылды: 73

Қарулы күштердің Тыл бастығы тағайындалды

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров нің Тыл бастығы болып тағайындалды.

6dfcd2f8-7862-4bfd-b7f5-444d52a2cd3a

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі.

2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале