20.07.2023, 16:45
Оқылды: 27

Қарулы күштерге жаңартылған L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің Балқаш қаласындағы оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтарының кезекті легі келді. Бұл туралы ҚР-ның Қорғаныс министрлігі хабарлады.

31a07c3e9d9c458122e28131c1775bc7_1280x720

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты бойынша бұлар өткен жылдың соңында Чехияда шығарылған зауытқа жіберілген болатын. Ол жерде күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізілген ұшақтарға жаңа цифрлық авионика, катапультация жүйесі, байланыс және объективті бақылау құралдары орнатылды.

L-39 ұшақтары курсанттарды пилоттау техникасына, жауынгерлік қолдану элементтеріне, оқу орындары мен әскери бөлімдердің ұшу құрамын күндіз де, түнде де қарапайым және күрделі ауа-райы жағдайында жаттықтыруға арналған.

Тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштар курсанттарға оқу-жауынгерлік ұшағын басқару машығын меңгеруге көмектесіп жатыр.

6c6fe3be5661b9717badc2d6e5af5413_1280x720

– L-39 ұшағымен ұшу – мамандық негіздерін түсінудің алғашқы қадамы. Әрбір курсант үшін дербес ұшу – маңызды оқиға, одан кейін қарапайым және күрделі пилотажға, бағыт бойынша, бұлттарда, төмен биіктікте ұшуға, құрлықтағы және әуедегі нысаналарға жауынгерлік қолдануға рұқсат етіледі, – деді оқу-авиациялық орталығы командирінің орынбасары подполковник Мақсат Буратаев.

L-39 реактивті жауынгерлік ұшағының кейбір модификациялары жеңіл шабуылдаушы ұшақтар мен жойғыштар ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Ұшақтың реактивті қозғалтқышы 6500 м биіктікте жылдамдығын сағатына 760 шақырымға дейін арттыра алады.

Жауынгерлік көліктің қару-жарақ құрамына бомбалаушы, басқарылмайтын және басқарылатын зымырандық оқу қаруы, көздеу және фотобақылау жабдықтары кіреді. Бұның бәрі нысананы 50-100 келі калибрлі еркін құлайтын оқ-дәрілермен бомбалауды, С-5 типтегі басқарылмайтын зымырандармен нысананы атуды, басқарылатын зымырандарды әуе нысаналарына жіберуді орындауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале