12.01.2024, 17:17
Оқылды: 115

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқу

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақырамыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда.

416008311_18276153115162704_9106228591840049002_n

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады.

Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады.

Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т. б. үйренесіз.

️Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т. б.

Барлық құжаттарды электронды поштаға жіберіңіздер: [email protected]

Оқыту толығымен тегін.

 

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале