28.03.2022, 11:40
Оқылды: 40

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктердің жұмысына талдау жүргізетін эконометрикалық пакет әзірледі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы бағдарламалық өнім әзірледі. Ол банктерге деректерді статистикалық талдау жұмысын автоматтандыруда жәрдемдесуге және стресс-тестілеу модельдерін құруға арналған. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

191113112355606e

«AFR» пакеті «R» бағдарламалау ортасында іске асырылды, онда деректерді статистикалық талдау процестері деректерді енгізіп, модельдің барабарлығын тексеруге дейін бір жүйеге келтіріліп, автоматтандырылған. Ол үшін қандай да бір банктің 2010-2021 жылдар аралығындағы кезеңде тоқсандар бойынша 50 макроэкономикалық көрсеткішінің деректерін және 10 симуляциялық деректерін статистикалық өңдеу және талдау үшін қажетті банктің өзінің және басқадан алған функцияларының үлкен жиынтығы пайдаланылады.

«AFR» пакетінде пайдаланылатын макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша статистикалық деректер жаңа мәліметтердің жариялануына қарай жаңартылып отырады. «AFR» пакеті CRAN (The Comprehensive R Archive Network) ресми репозиторийінде орналастырылды.

«Пакеттің көмегімен банктер түрлі сценарийлерді көрсетіп, олардың жеке көрсеткіштерге әлеуетті әсерін бағалай алады. Тәуекелдердің үдеюі жағдайында алдын алу мақсатында ден қою үшін сенімді бағаның болуы маңызды», - дейді Агенттік төрағасының кеңесшісі Тимур Әбілқасымов. «Практикадағы қажеттілікке, сондай-ақ пайдаланушылардан түскен ұсыныстарға қарай бұл Пакетті үнемі пысықтап, жетілдіріп отырамыз».
AFR пакеті Агенттіктің зияткерлік меншігі болып табылады және ол ұсынымдық сипатта. «AFR» эконометрикалық пакетін Агенттік қызметкерлері Тимур Әбілқасымов, Шыңғыс Шөнеев және Алуа Махметова бірлескен авторлықта әзірледі.

Бағдарламалық өнім Агенттік жүргізетін қадағалап стресс-тестілеуді жетілдіру шеңберінде әзірленген болатын.

Барлық қызығушылық танытқан тұлғалардан өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын Агенттіктің Стратегия және талдау департаментіне [email protected] мекенжайына жіберуді сұрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале