20.12.2023, 11:30
Оқылды: 43

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғыны бас бостандығынан айырылды

Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

d315e94f-716e-49d1-9335-177e3497dee4

Фото видеодан кадр

Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салуды ұсынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған. Оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 миллионнан асатыны анықталды.

Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, қаражатты инвестициялау кезінде компанияны тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале