26.07.2021, 23:07
Оқылды: 195

Қаржылық пирамида: заңға қайшы инвестиция

«Заманына  қарай  –  амалы»  дегендей,  бүгінде  көптеген  адам  өткен  ғасырдың  соңында  пайда  болған  қаржылық  пирамидалар  туралы  жақсы  біледі,  оған  алданған  салымшылар  да  аз  емес.  Жалпы,  қаржылық  пирамида  –  алдыңғы  қатысушыларға  негізгі  төлем  соңғы  тіркелгендердің  қаражаты  есебінен  жүзеге  асырылатын  заңға  қайшы  инвестициялық  қызмет.  Осындай  ұйым  құрғандар  мен  оған  басшылық  еткендерге  ҚР  Қылмыстық  кодексінің  217-бабына  сәйкес  қылмыстық  жауапкершілік  те  қарастырылған.  Бірден  турасын  айтсақ,  бұл  дегенің  жеңіл  табыс  тәсілі,  күдікті  мәміле.  Қаржылық  пирамида дегенің  ерте  ме,  кеш  пе,  әйтеуір  бір  сыр береді, түбі бір  құлайды.  Сонда  төменгі  сатыда  тұрған  қатысушылар  өз  салымдарын  жоғалтады.  Ал  компания  күйрейді  не  болмаса  жаңадан  «пирамида»  құруға  қайта  әрекет  басталады.

пирамида 1-бетке копия

Енді қаржылық пирамиданың ең басты белгісіне келсек,  ол – алдымен адам таңданарлық табысқа уәде ету, үстеме пайда көзін нұсқау. Осынау жоғары кіріс туралы уәделер ниеттенушілерді еліктіру үшін бір рет орындалуы да мүмкін. Бірақ  соңынан көп қаражат жоғалту қаупі басым. Мұндай пирамидаға кіру ерікті және құқықтық сүйемелдеусіз жүзеге асырылады. Сондықтан салынған қаражатты қайтаруға ешкім ешқандай кепілдік бермейді. Бұл бірінші бағыты баршамызға белгілі әрі түсінікті жайт.

Екінші белгісі: компания шынайы экономикалық немесе нақты инвестициялық қызмет жүргізбейді. Кез келген пирамида тауарлық, несиелік, туристік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынып, жарнамаланады. Шын мәнісінде жоғарыда айтқанымыздай, бұрынғы қатысушыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарналары есебінен өтеледі.

Александр  Цуранков,

облыс  прокурорының  бірінші  орынбасары    

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 27 шілдедегі  №60 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале