29.09.2021, 11:49
Оқылды: 108

KASE: Доллар бағамы қайта көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті.

210929112106133a3842437i (1)

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 қыркүйек кешімен салыстырғанда 1, 68 өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 425, 60 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы -1 доллар үшін 423, 91 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,43 теңгеден сатылса, сатып алу – 426,95 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424, 85 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 425, 94теңге.

ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале