19.07.2022, 12:45
Оқылды: 85

KASE: Ресей рублі 8,5 теңгеге дейін көтерілді

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,45 - 8,05 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

Фото дереккөзі: total.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,5 теңгеге жетті.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 19 шілдедегі жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге өсіп, 8,57 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,45 – 8,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда 7,8 – 8,8 теңге аралығында құбылып тұр.

Бұған дейін Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 485-490 теңгеден саудаланып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале