14.09.2021, 12:04
Оқылды: 94

"Қасиетті Бөкей ордасының қазақ тарихында алар орны ерекше"

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов қатысып, ауданның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

 111

- Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл біз үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Сонымен қатар биыл төл тарихымызда ойып тұрып орын алатын Бөкей хандығының құрылғанына 220 жыл, Жәңгір хан негізін қалаған білім ордасына 180 жыл. Тарих – тек қана өткен шақтың естелігі ғана емес. Ол – халықтың жады, ажырамас бөлшегі, тереңге тартқан тамыры. Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлыңғыр. Қасиетті Бөкей ордасының қазақ тарихында алар орны ерекше, - деп атап өтті Н.Даумов.

2

Спикердің мәлімдеуінше, тәуелсіздік алған жылы ауданда халық саны 18,3 мың адамды құраған. Ал ең үлкен көрсеткіш 1998 жылы болған, ол кезде аудан халқы 19,3 мың адамға жеткен. Кейін адам саны азайып 2011 жылы 16,2 адамды құрапты. Сол жылдан бастап халық санының динамикасы тұрақтанып 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 15,9 мың адамды құрап отыр. Ауданның жер көлемі – 1 млн. 921 мың гектар болса, сол аумақтағы жеті  ауылдық округте 20 елді мекен орналасқан.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале