7.02.2025, 17:45
Оқылды: 85

«Кәсіп дамымай іс өнбейтінін Президент жақсы біледі” - Бағдат Ізмағанбет

IMG_4901

Бағдат Ізмағанбет:

-Осыған дейін қоғамда көп талқыланған қосылған құн салығын өсіруге қатысты президент өз пікірін білдірген екен. Бұл тек кәсіпкерлерге ғана салмақ салмайды, жалпы халықтың қалтасын қағатын дүние ғой. Қымбатшылық онсыз да асқынып тұр.
Өкімет соңғы кезде өндірмей жүр. Жиырма бестің соңына дейін отставкаға кетсе, дым таң қалмаймын.
Тоқаев өкіметке ҚҚС мөлшерлемесі бойынша ұсынысы тым жоғары екендігін қадап айтты.
20% ҚҚС мөлшерлемесінде қандай тәуекелдер бар? Бұл экономикаға шамадан тыс жүктеме түсіруі, сатып алу сұранысын төмендетуі (өнімді халық үшін қымбаттатады), сондай-ақ көлеңкелі бизнестің дамуын ынталандыруы мүмкін.
Айта кету керек, экономиканы, бизнесті және азаматтарды қолдау үшін өз ұсыныстарын ұсынған сарапшылар да Мемлекет басшысының көзқарасымен келіседі – жоспарланған мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыру және сараланған тәсілді енгізу қажет.
Бәсе, бұл жағдайды президент неге ескермей қалды деп ойлаушы едім.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале