15.02.2021, 15:52
Оқылды: 105

Кәсіпке адалдық

Қоғамның өтпелі кезеңдерінде өмір сүрген адамдардың үлесіне ауыртпалықтар көбірек тиеді. Сәйкесінше олар осы ауыртпалықтарды жеңу жолындағы өздеріне жүктелген жауапкершілікті де айқынырақ сезінеді. Кейінірек тарихқа көз жібергенде олардың еңбегі дараланып, тұлғасы зорайып көрінеді. Бұл тұрғыда тарихта аты қалған айшықты тұлғалармен қатар бүкіл өмірін өзі таңдаған іске сарп етіп, тарих сахнасының сыртында қалған мыңдаған қарапайым жандар да бар. Бүгін солардың бірі туралы сөз қозғағымыз келді.

F91CB5C3-C2C9-4F20-A21F-8D5ACB6131D8

Борис Ізбасаровтың есімі батысқазақстандықтарға, әсіресе, банк қауымдастығы арасында жақсы таныс. Бірақ кейінгі жастарға үлгі етуге болатын оның өмір және еңбек жолын көпшілік біле бермейді. Ауылда өскен талапты жас сол кезде өте сирек таңдалатын және көпшілік жастар үшін беймәлім банк-қаржы саласының мамандығын игеруді өзіне мақсат етті. Ол Алматы есеп-кредит техникумын тәмамдаған соң, туған ауылына оралды. Сол кездегі мемлекеттік банктің Казталов бөлімшесіне инспектор болып орналасты. Қиын да жауапты жұмыстан жасқанып тартынған жоқ. Қайта өзі таңдаған мамандықтың қыры мен сырын меңгеруге деген ұмтылыс жас маманның жігерін шыңдай түсті. Дәл осы қиындықтан қаймықпай, толқындарға қарсы жүзу оның кейіннен биіктерге шығуына жол ашты деуге де болады.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №13 санынан оқи аласыздар.

Гүлбадан Қадырқұлқызы,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале