13.09.2022, 9:45
Оқылды: 138

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – прокуратураның қадағалауында

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік – Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының негізгі өзегі. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау кәсіпкерлер үшін ғана емес, нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін де маңызды.

86786f269a7d8de2963c4c027a2046a4_2

ҚР Конституциясына сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар.

Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратураның қадағалауын азаматтар мен бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлауды тапсырды.

Осыған байланысты азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған шаралар қабылданды.

Президент «Прокуратура туралы» Заңға түзетулерге қол қойды, ол 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Заңсыз қолданылған шектеу және тыйым салу сипатындағы шараларды дереу жоюға прокурор өкілетті.

Мысалы, шоттарды негізсіз бұғаттау, мүлікті пайдалануға тыйым салу, қызметін, жұмысын уақытша тоқтата тұру және өзге де шектеулер. Мұндай шаралар дамып келе жатқан бизнес үшін кері әсерін тигізеді.

Егер прокурор осындай заңсыз фактілерді анықтаса, олардың күшін жою туралы орындалуы міндетті қаулы шығарады.

Бұл қадағалау актісіне шағым жасалған жағдайда, азаматтар мен кәсіпкерлер сот дауына тартылмайды. Тек прокурор мен шағым беруші ғана сотта өз ұстанымдарын дәлелдейтін және негіздейтін болады.

Сонымен бірге дауланған прокурордың қаулысы өз күшін тоқтатпайтынын атап өткен жөн.

Қаулыны орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген (ӘҚБтК-нің 664-1-бабы – 30 АЕК-ге дейін айыппұл салуға әкеп соғады).

Кәсіпкерлердің қызметіне араласу фактілері бойынша өтініштерін прокурорлардың қарауыЗаңға енгізілген негізгі жаңашылдықтарға жатады.

Прокурорлар бизнес субъектілерінің шағымдарына жедел әрекет ете отырып, қажетті ақпаратты сұратып және түсініктеме алу үшін тараптарды шақыра алады.

Заңға енген өзгерістер шеңберінде Орал қаласы прокуратурасымен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында шаралар қабылдануда.

Қала прокуратурасымен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау, жедел әрекет ету мақсатында мобильдік топ құрылды. Аталған топқа барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері қосылды.

Мобильдік топтың міндеті - кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу  және олардың заңды қызметіне кедергі жасау туралы сигналдарына жедел ден қою болып табылады.

Бизнес субъектілерінен өз қызметін атқару барысында туындайтын мәселелері бойынша кеңес алу мақсатында хабарламалар түсетінін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар қала прокуратурасымен бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнамаға, құқық қолдану практикасына талдау жүргізіледі.

Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 204-бабына сәйкес жауаптылық көзделген.

Кодекстің 204-бабының 1-бөлігін бұзғаны үшін ескерту немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда ескерту жасауды қолдануға міндетті.

Қала прокуратурасымен әкімшілік заңнама талаптарының сақталуына, жауаптылыққа тартудың объективтілігіне талдау жүргізілді.

Оның барысында бизнес субъектісі тарапынан құқық бұзушылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығына қарамастан, уәкілетті органмен айыппұл салынғаны анықталды.

Осылайша, оның құқықтары бұзылған. Прокуратурамен аталған факт бойынша наразылық енгізіліп, айыппұл салу түріндегі қаулы бұзылды.

Қала прокуратурасымен а.ж. өткен кезеңінде ет өнімдері саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуы талданды.

Өнімдердің сынамаларының үлгілерін алу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Талдау барысында 600-ден астам кәсіпкерден зерттеулерді ақылы негізде жүргізу заңсыз талап етілгені анықталды.

Аталған факт бойынша қала прокуратурасы қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде заңсыз тәжірибе жойылып, 600-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Қала прокуратурасымен аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бұдан бөлек, қала прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарының қорғалуы тұрақты түрде прокуратура органдарының қадағалауында екенін мәлімдейді.

Егер Сіз бизнес субъектісі болсаңыз, Сіздің қызметіңізге қандай да бір заңсыз әкімшілік кедергі немесе заңсыз тексеру жүргізілген болса, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильдік топқа хабарласу қажеттігі хабарланады.

Алмагүл Ибрашева,

 Орал қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале