12.09.2023, 9:00
Оқылды: 33

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мыңға жуық адам қатысты

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мың адам қатысты. 345,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның 181,9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

21FD4D93-0663-4D32-9CF3-9137CC22978C

Субсидияланатын жұмыс орындарына 163,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,1 мың адам, жастар практикасымен 19,3 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 108,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 6,7 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 326 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 12,9 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 37,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 34,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 110,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 82,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 87,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 5317 грант берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале