24.06.2021, 11:36
Оқылды: 213

Кәсіподақ мүшелері арасында спартакиада өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесінің құрметіне «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жас мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.

image-24-06-21-11-29-3

Аталмыш спорттық шарада волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, қол күресі, жеңіл атлетика, отбасылық эстафета және т.б. спорт түрлері қамтылды.

Аудандық «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен өткен «Денсаулық» шарасында жеңімпаздар анықталып, жүделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды.

image-24-06-21-11-29-2

Сонымен қатар, облыстық салалық кәсіподақ ұйымында алдыңғы жылдан бастап кәсіподақ мүшелері арасында онлайн-спортты дамытуға арналған бірнеше шаралар бастау алған еді. Биыл бастамалар өз жалғасын тапты. Яғни, мереке қарсаңында жас мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат және тоғызқұмалақ спортынан да онлайн турнир қатар өткізілген болатын.

image-24-06-21-11-29

Мемлекеттік қызметімен қатар, қоғамдық белсенділікке ат салысқан спартакиада мен онлайн турнир жеңімпаздарын «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

image-24-06-21-11-29-1

Облыстық салалық кәсіподақ төрағасы өз сөзінде сала мамандарының, соның ішінде жас қызметкерлердің белсенділігіне ризашылығын жеткізіп, кәсіподақ мүшелерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірді қатар алып, ұштастырып жүрген ұстанымдарына алғыс айтты.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале