14.05.2021, 15:06
Оқылды: 221

Кәсіподақ мүшелері еңбек қауіпсіздігі саласында біліктіліктерін шыңдауда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік әріптестік қарым-қатынасы аясында еліміздегі еңбекті қорғау, өндірістік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында қызмет көрсететін мамандар мен мекемелерді оқытуда алдыңғы қатарда жүрген «ALTYN ENBEK» оқу-сараптамалық орталығының тренерлерімен онлайн оқу өтті.

к2

Аталмыш оқуға Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар бірлестіктері атынан 100-ге жуық кәсіподақ мүшесі мен жетекшілер қатысты.
«Еңбек қатынастарындағы жазатайым оқиғаларды зерттеу және тіркеу» тақырыбында өткен оқуда еңбек саласындағы, соның ішінде қауіпсіз еңбек кеңістігінде ескерілуі тиіс жағдаяттар мен болуы керек шарттар практикалық тұрғыда талданып, білікті сарапшылар кеңес берді.
Аталған білім орталығы еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласы бойынша оқытуда алғаш рет ISafety тәуелсіз онлайн-платформасын жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшылығымен еліміз бойынша 500-ден астам кәсіподақ мүшесі тегін онлайн оқуға қатыса алды.

к1

Қатысушылар, белсенді кәсіподақ мүшелері өздерінің әлеуметтік парақшаларында оқу туралы пікірлерін қалдырып, осындай шараны тағы да ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.

к3

Оқуға қатысушы, №50 «Заңғар» бөбек-жайының техникалық инспекторы – Айнұр Мамбетова: «Еңбек қорғалу керек, қауіпсіз еңбек шарттары сақталуы тиіс» деп ұрандатқанымызбен оны тереңінен түсініп, «Қалай?» деген сұрақты көпшілігіміз қоя бермейміз, бүгінгі оқу бұл жүйені өзгертуге кішкене де болса серпіліс бере алды деп айта аламын, - дейді.


«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале