21.05.2021, 17:09
Оқылды: 325

Кәсіподақ мүшесіне «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығы бойынша 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні болып жарияланған болатын.

 IMG-20210521-WA0032

Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында облыс әкімінің, БҚО салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының, өңірдегі мәдениет басқармасы басшысының қатысуымен мерекелік шара өтті.
БҚО салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұсынбасымен отыз жылға жуық еңбек өтіліне ие маман, он бес жылдан астам уақыт бойы кәсіподақ саласында қызмет атқарып жүрген еңбек адамы Гүлзия Ахметова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

гггг

Ахметова Гүлзия Әскерқызы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасында он жеті жыл бойы іргелі қызмет етіп келе жатқан еңбек адамы. 1992 жылы алғашқы еңбек жолын «СПС» ЖШС жобалау бөлімінің хатшы-референті болып бастаған. Бүгінгі таңда «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-ның «Мәдениет, өнер ұйымдарының және тарихи-мәдени мұраларды сақтау жұмыстарын қамтамасыз ету» бөлімінде бас маман қызметін атқарады.
Кәсіподақ белсендісі, атқару комитетінің мүшесі Гүлзия Әскерқызы «Қазіргі уақытта жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарына байланысты диалогтарды реттеп, ұжымдық шарттың рөлінің ерекшеліктері мен кәсіподақта еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек кауіпсіздігі және басқа да өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын табу үшін кәсіподақтардың қызметі зор. Құқықтарымыз тапталмай, қауіпсіз, көңіл толып еңбек етсек, сол еңбекке лайық бағалансақ, мерейдің үстем болуы деген сол емес пе?! Бұл орайда, кәсіподақ бірлестігіне айтар алғысым шексіз, - де»ді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале