31.01.2022, 15:00
Оқылды: 15

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

220131143449207e

«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған» делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале