13.10.2020, 12:09
Оқылды: 95

Қатаң сөгіспен шектелді

Ағымдағы жылдың 12 қазанында өткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің тәртіптік ісі қаралды.

Katan sogis (2)

Прокуратураның пайымдауынша, қала аумағын абаттандыру бойынша құрылыс объектісіне мердігермен 2020 жылдың шілде айында жасалған жұмыстар бойынша аралық актісіне қол қою барысында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаған деп кінә тағылған болатын.

Дегенменен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс бойынша барлық материалдар мен тараптардың уәждемелерін жан-жақты саралап, Жандос Дүйсенғалиевтің тарапынан құқықбұзушылықтар орын алғанымен, ол мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей теріс қылық болмайтынын атап өтіп, қабылданған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтамағаны үшін, «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану туралы шешім қабылдады.

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале